Сынып сағатының тақырыбы: «Болашақ маман иесі – бүгінгі оқушы»
Сыныбы: 11« А»
Күні: 22.09.2025 жыл.
«Қауіпсіз еңбек жағдайларын қалай қамтамасыз ету керек?»
Мақсаты:
Сынып сағаты барысында оқушыларға мамандық таңдаудың маңызы ұғындырылды. Әр түрлі мамандық иелерінің қоғамдағы рөлі түсіндірілді. Жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтап, болашаққа дұрыс бағыт беру көзделді.
Қауіпсіздік сабағының мақсаты бойынша оқушыларға қауіпсіз еңбек туралы ақпарат беріліп, оны қамтамасыз ету тәсілдерімен таныстырылды.
Міндеттері:
— Еңбек қауіпсіздігі контекстінде қызметкер мен жұмыс берушіге жүктелген талаптармен таныстырылды.
— Оқушылар қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету жолдарына мысалдар келтірді.
— Болашақ мамандыққа байланысты еңбек тәртібі мен қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі талқыланды.
Құндылықтарды дарыту
Сабақ барысында еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік құндылықтары насихатталды. Бірлескен іс-әрекет кезінде басқалардың пікірлері мен сезімдерін құрметтей білуге тәрбиеленді.
Апта дәйексөзі
«Еңбек – жай ғана қызмет емес, адам болмысының айнасы» (Абай).
Сынып сағатының барысы
Сабақ басында оқушылар Әнұран орындады.
Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде оқушылармен сәлемдесу, көңіл-күй шеңбері ұйымдастырылып, сабақ мақсаты түсіндірілді. Психологиялық дайындық кезінде «Еңбек дегеніміз не?» деген сұраққа оқушылар өз ойларын ортаға салды.
Қауіпсіздік сабағында мұғалім қауіпсіз еңбек жағдайларының маңызы мен ережелерін түсіндірді. Қызметкердің құқықтары мен жұмыс берушінің міндеттері айтылды. Жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, жабдықтарды тексеру, дұрыс демалыс тәртібін сақтау қажеттілігі атап өтілді. Оқушыларға қауіпті жағдайлардың мысалдары ұсынылып, оларды болдырмау жолдары талқыланды.
Негізгі бөлімде мамандық таңдаудың маңызы, қызығушылық пен қабілет, құндылықтар мен армандар, еңбек нарығы, денсаулық жағдайы және білім алу мүмкіндіктері қарастырылды. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, топтық және жұптық жұмыстар орындады. «Сұхбат әдісі», «Кәсіп иесі болсам…», «Қоғамға қажет мамандықтар» сияқты тапсырмалар арқылы өз ойларын білдірді.
Сабақ соңында «Бүгінгі сабақтан не алдым?» деген сұраққа жауап берді, сонымен қатар болашақта маман таңдауда қателеспей, дұрыс таңдау жасайтындарын айтып өтті.
Қорытынды
Сынып сағаты оқушылардың болашақ мамандыққа қызығушылығын арттырып, еңбек қауіпсіздігінің маңызын ұғындыруға бағытталды. Қатысушылар мамандық таңдаудағы жеке қабілеттердің, құндылықтардың және қауіпсіз еңбек жағдайларын сақтаудың мәнін түсінді.
Сынып жетекшісі: Джумабаева А.Т.