«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «ДосБолLIKE Буллингтен қорған» — Астана қаласы әкімдігінің “№29 жалпы орта білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «ДосБолLIKE Буллингтен қорған»

Жаналықтар

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «ДосБолLIKE: Буллингтен қорған!»

2025 жылғы 15 қыркүйек күні 3 «Б» сыныбында «ДосБолLIKE: Буллингтен қорған!» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағаты барысында білім алушылар буллинг деген ұғыммен танысып, тақырыпты ашу мақсатында бейнеролик тамашалады. Кейін буллингтің алдын алу жолдарын топ ішінде талқылады, сынып жетекші тарапынан буллингтің зияны туралы түсіндірілді. Топпен жасаған жұмыстар кезекпен қорғалып, оқушылардың жауабы тыңдалды.

Достық қарым-қатынасты нығайту үшін «Ренжістік, достастық» ойыны ойналды. Сынып жетекшінің өтініші бойынша «РЕНЖІСТІК» дегенде бір-бірлеріне қарама-қарсы бұрылып, саусақтарын безейді. «ТОҚТА» дегенде бір-бірлеріне арқаларымен бұрылады. «ДОСТАСТЫҚ» деген бұйрық берілгенде қол алысып, күлімдеп өз достарына сүйіспеншілік туралы ізгі сөздер айтады. Осылайша, сынып сағатының қорытынды бөлімінде оқушылар «Досболlike» фоторамкасына тұрып, достарының жақсы қасиеттерін айтып берді. Ізгілікті, көтеріңкі көңіл-күймен сынып сағаты аяқталды.

Достармен бөлісу
Астана қаласы әкімдігінің “№29 жалпы орта білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі