“Шаттық” лагерлерінің ll кезеңінің жабылу — Астана қаласы әкімдігінің «№ 29 орта мектеп» КММ

“Шаттық” лагерлерінің ll кезеңінің жабылу

Жаналықтар

“Адал Азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Астана қаласының №29 орта мектебінің оқушылары мектеп жанындағы “ Symmer Cap” бейіндік лагері және “Шаттық” лагерлерінің ll кезеңінің жабылу салтанатын өткізді. Бұл іс- шарада жазғы демалыс уақытында белсенділік танытқан оқушыларға номинациялар бойынша мадақтамалар табысталып, ұйымдастырушылар атынан алғыс білдірді. Іс- шара соңында әр балаға балмұздақ таратылды. Жазғы демалысты көңілді өткізу барысында ұйымдастырушылармен қатар демеушілік жасаған “Тоғжан” магазинінің иесі Жармагамбетова Анджела Мусақызына, “ Нұрсауле” магазинінің иесі Назарова Айнур Нурлыбековнаға, “Береке” магазинінің иесі Капаров Канат Сансызбаевичке мектеп әкімшілігі мен ұжым атынан алғысымызды білдіреміз!!! Ата- ана, мектеп, бала арасындағы мықты қарым- қатынас пен жүйелі жұмыстың дәлелінің арқасында балаларымыз жазғы демалыстарын көңілді өткізді.

Достармен бөлісу
Астана қаласы әкімдігінің