Көңілді жазғы білім сайысы
Жазғы лагерьде ерекше бір күн басталды. Балалар шеңберге жиналып, қызықты ойынға қатысты. Алғашқы тапсырма – артық сөзді табу. Мұнда жаз, көл, шомылу, шана деген сөздер берілді. Балалар ойланбастан, “шана” сөзін артық деп тапты, өйткені ол қыс мезгіліне тән. Бұл жауапқа бәрі бірдей: “Иә!” – деп, шапалақ ұрды.
Келесі сұрақтар да көңілді әрі тапқырлықты талап етті. Мысалы:
– Жазда мен күрте киемін – дегенде, балалар: “Жоқ!” – деп жауап беріп, “Топ-топ!” деп аяқтарымен белгі беріп, ойын шартын орындады.
Сұрақтар жаз мезгіліне сай құрастырылды. Әр дұрыс жауап үшін ұпай берілді, ал ең көп ұпай жинаған қатысушы ЖЕҢІМПАЗ атанды.
Сайыс соңында оқушылар бір-біріне қошемет көрсетіп, шапалақ ұрды, көңілді әрі пайдалы уақыт өткізді.