Тәжірибедегі шеберлікке, Еңбектен – нәтижеге.
Вожатыйлар апталығы.
«Қоғамға қызмет ету – әрбір адамның борышы»
17.04.2025 жылы,№29 орта мектеп Өзін-өзі басқару мүшелерінің ұйымдастыруымен «Қоғамға қызмет ету – әрбір адамның борышы» тақырыбы аясында оқушылар, волонтерлік іс-шараларға белсенді қатысты.
Өзін-өзі басқару ұйымының белсенді мүшелері ретінде атқарылған волонтерлік қызметін растау мақсатында берілді.
Оқушы волонтерлік қызмет барысында қарттарға, мүмкіндігі шектеулі,жандарға, зейнеткерлерге көмек көрсету, жауапкершілік, көшбасшылық, мейірімділік сияқты қасиеттерін көрсетіп, қоғамға пайдалы іс жасауға үлес қосты.
Қоғамға қызмет ету – бұл тек ерікті еңбек емес, бұл әрбір саналы азаматтың адамгершілік парызы. Адам өз ортасына, еліне, айналасындағы адамдарға пайдалы болуға ұмтылған кезде, қоғам дамып, өркениетті бола түседі. Волонтерлік қызмет – жастарды жауапкершілікке, жанашырлыққа, бірлікке тәрбиелейтін игі іс. Сондықтан әр адам қоғам игілігі үшін өз үлесін қосуға ұмтылуы тиіс. Бұл – тек борыш емес, адамгершіліктің, рухани жетілудің белгісі.
https://www.instagram.com/reel/DIiTMDDtR3I/?igsh=ZncyeXc3YWR1eTkw
Тәлімгер: Джумабаева А.Т.