«Құстар – біздің досымыз, құстарға ұя жасау» — Астана қаласы әкімдігінің «№ 29 орта мектеп» КММ

 «Құстар – біздің досымыз, құстарға ұя жасау»

Жаналықтар

Астана қаласы №29 орта мектебінің «Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшелері 2025 жылдың 2-сәуір күні «Құстар – біздің досымыз, құстарға ұя жасап, қамқорлық жасау» іс шарасын ұйымдастырды.

Мақсаты: Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, құстарды қорғауға баулу, экологиялық тәрбие беру және еңбек ету дағдыларын дамыту.

Шара барысында оқушылар құстардың табиғаттағы маңызы жайлы мағлұмат алды. Құстардың көктем мезгілінде ұя салып, балапан басуына қолайлы жағдай жасау қажеттілігі түсіндірілді. «Өзін-өзі басқару» ұйымының белсенді мүшелері оқушыларға ұя жасау үлгілерін көрсетіп, оларды қауіпсіз және экологиялық таза материалдарментаныстырды. Қатысушылар өз қолдарымен бірнеше ұя жасап, оларды мектеп ауласына және жақын маңдағы ағаштарға орнатты.

Нәтижесінде:

  • Оқушылардың табиғатқа деген қамқор көзқарасы қалыптасты.
  • Командалық жұмыс пен шығармашылық қабілеттері дамыды.
  • Құстарға арналған 7ден астам ұя жасалып, орнатылды.
  • Шара экологиялық тәрбие берудің тиімді үлгісі ретінде өтті.

Қорытынды:   Шара оқушылардың экологиялық санасын арттырып, табиғатты аялауға үйретті. Құстарға ұя жасау арқылы оқушылар нақты еңбек нәтижесін көріп, өз еңбегінің табиғатқа пайдасын түсінді. Мұндай іс-шаралар мектептің тәрбие жұмысында маңызды рөл атқарады.

https://www.instagram.com/reel/DIAl32xCuXl/?igsh=MXhxcWhqNGZ5aHV6dw==

 

Тәлімгер:  Джумабаева А.Т.

Достармен бөлісу
Астана қаласы әкімдігінің