Мектеп   Парламенті оқушыларының  ұйымдастыруымен өткен 1- наурыз- «Алғыс айту күні» — Астана қаласы әкімдігінің «№ 29 орта мектеп» КММ

Мектеп   Парламенті оқушыларының  ұйымдастыруымен өткен 1- наурыз- «Алғыс айту күні»

Жаналықтар

            Мектеп   Парламенті оқушыларының  ұйымдастыруымен өткен 1- наурыз-

«Алғыс айту күні»

01.03.2025 күні Астана қаласы №29 орта мектебінің  мектеп парламенті мүшелері барша Қазақ еліне өз алғыстарын білдірді. 1-наурыз- «Алғыс айту күніне» орай  қала бойынша іс-шара ұйымдастырылған.

Іс-шараның мақсаты: Алғыс айту күніне орай адамдардың бір- біріне  ризашылық білдіруіне ықпал ету, қоғамдағы  бірлік  пен татулықты нығайту, еліміздің бірлігін нығайту, ынтымақтастықты арттыру және халықтың бір-біріне алғыс білдіру дәстүрін дәріптеу.

Мектебімізде алғыс айту күні ұстаздар, оқушылар бір-біріне өздерінің алғыстарын  білдірді, мұғалімдерден сұхбат алынды. Оқушылар арасында «Шапағатпен толтырайық» жүрекшесіне,  жылы лебіздер, тілектер  жазылды.

Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері барлық оқушыларға, ұстаздарға, мектеп аспаздарына, күзетшілерге тәтті кәмпиттер таратылып, оқушылар алғысын білдірді.    Алғыс айту күніне арналған іс-шара жоспарланған  мақсаттарға  толық жетті. Іс- шараға үлес қосқан барлық  қатысушылар мен ұйымдастырушыларға  алғыс айтамыз.

https://www.instagram.com/reel/DGndX8Asa6g/?igsh=cXFrNjY0dGwxcHhn

Достармен бөлісу
Астана қаласы әкімдігінің