Астана қаласы  №29 орта мектебінің  «Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен өткізілген Абай Құнанбайұлының -180 жылдығына арналған  мәнерлеп оқу сайысының қорытындысы — Астана қаласы әкімдігінің «№ 29 орта мектеп» КММ

Астана қаласы  №29 орта мектебінің  «Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен өткізілген Абай Құнанбайұлының -180 жылдығына арналған  мәнерлеп оқу сайысының қорытындысы

Астана қаласы  №29 орта мектебінің  «Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен өткізілген Абай Құнанбайұлының -180 жылдығына

арналған  мәнерлеп оқу сайысының қорытындысы

      

№29 орта мектеп «Өзін-өзі басқару» ұйымының ұйымдастыруымен  21.02.2025 жылы   бастауыш  2-4 – сынып оқушылары арасында «Абай Құнанбайұлының — 180 жылдығына» арналған мәнерлеп оқу сайысы өтті.                                                                                                                                                           Іс-шараның  мақсаты мен міндеттері:

  • Абай Құнанбайұлының шығармашылығын  насихаттау және бастауыш сынып оқушыларының  рухани —  адамгершілік  тәрбиесін  нығайту.
  • Оқушылардың мәнерлеп оқу шеберлігін  дамыту және олардың сөйлеу  мәдениетін қалыптастыру.

Сайысқа бастауыш  2-4- сыныптың оқушылары қатысты. Оқушылар алдын-ала дайындалып, шығармаларды жаттап,  мәнерлеп  оқуға ерекше ықыласпен кірісті. 2-3 сынып оқушылары  Абай Құнанбайұлының  өлеңдерін  мәнерлеп оқыды, ал 4 сынып оқушылары Абайдың қара сөздерінен үзінді оқыды.

Сайыс нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, дипломмен марапатталды.

I-орын: 3«А» сынып.  Хамзина Айлана;  Қайрбеков  Рауан

II-орын:  3«Ә» сынып.  Султанхан  Абылай; Садвакасов  Мирас

III-орын: 2«А» сынып.   Бекмұхан Алинур; Ержан Алихан

Абайдың қара сөздері:

I-орын:   4«Б» сынып.  Кешубай Ақерке,  Қазысейіт Кәусар

II-орын:  4«А» сынып.   Шаған Есіл

Оқушылардың Абай шығармашылығына деген  қызығушылығын  арттырып, олардың көркем сөйлеу  қабілетін  дамытты.

https://www.instagram.com/reel/DGYbTqyNS06/?igsh=YWN2ejA0NGdjZmVl

 

Тәлімгер: Джумабаева А.Т.

Достармен бөлісу
Астана қаласы әкімдігінің