«Жас кемеңгер»  зияткерлік сайысы — Астана қаласы әкімдігінің «№ 29 орта мектеп» КММ

 «Жас кемеңгер»  зияткерлік сайысы

Жаналықтар

Тәжірибеден-шеберлікке,

Еңбектен – нәтижеге.

Вожатыйлар апталығы.

 «Жас кемеңгер»  зияткерлік сайысы

 

2025 жылдың 16-сәуірінде «Тәлімгер апталығы» аясында №29 орта мектептің «Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен  7 «А» және 7 «Б» сыныптары арасында “Жас кемеңгер” зияткерлік сайысы өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, логикалық және танымдық білімін арттыру, бір-бірімен бәсекелесе отырып, достық қарым-қатынасты нығайту, көшбасшылық қасиеттерін ояту.

 

 

Сайыс барысында ұлттық аспаптардың дыбысы арқылы атауларын тапты, ер адам мен әйел адамның киімдерін кию ретімен топтастырды, ұлттық ойындарды сәйкестендірді, ребус түрінде берілген мақалдарды анықтап түрлі тапсырмалар орындады. Сайыс оқушылар үшін өте қызықты өтті.

 

Қорытынды: Сайыс жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар белсенділік танытып, ұйымшылдық көрсетті. Мұндай іс-шаралар оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, жан-жақты дамуына ықпал етеді. «Өзін-өзі басқару»  ұйымы мүшелері алдағы уақытта да осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

https://www.instagram.com/reel/DIgJ_yJN1d9/?igsh=dzNobHNrY21vNWhp

Тәлімгер:   Джумабаева А.Т.

Достармен бөлісу
Астана қаласы әкімдігінің