«8-наурыз – халықаралық әйелдер күніне арналған мереке»
06.03.2025жылы мектебімізде «8-наурыз — халықаралық әйелдер мерекесіне» орай өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері мектеп қыздарына арнап мерекелік концерт ұйымдастырды. Мектеп ұл балалары әртүрлі ән, би, әзілдер ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты:
Мектеп қыздарын 8-наурыз- халықаралық әйелдер күнімен құттықтау;
Ұлдардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Достық қарым-қатынасты нығайту және мейірімділікке тәрбиелеу.
Мерекелік концерт жүргізушілердің құттықтауымен басталды. Ұлдар арнайы мерекелік бағдарлама әзірлеп, өз өнерлерін көрсетті. Мереке барысында ән айтылып, би биледі және әзіл-сықақ қойылымдар қойылды. Мерекелік концертке мектептің барлық қыз балалары мен ұстаздары қатысты.
Қыздарға ұлдар тарапынан мерекелік жылы тілектер айтылып, бейнетаспа көрсетілді. 8- наурыз мерекесімен құттықтап, қыздарға «Алғыс хат» тапсырылды. Іс-шара жоғары деңгейде өтті, қатысушылардың көңіл-күйі көтеріңкі болды.
Іс-шараның маңыздылығы: Бұл мерекелік концерт ұлдардың қыздарға деген сыйластық пен құрметін білдіруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, мектеп қауымдастығы арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал жасады.
https://www.instagram.com/reel/DG8b2A1t9Kl/?igsh=eTRuZ3EydXp0OTJx Тәлімгер: Джумабаева А.Т.