1 қыркүйек-Білім күні — Астана қаласы әкімдігінің “№29 жалпы орта білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1 қыркүйек-Білім күні

Жаналықтар

Астана қаласы  № 29 орта   мектептің 1 «А» сыныбында

 1- қыркүйек  «Мектебім-мейірім мекені» атты сынып сағаты өтті.

Бүгін  ата аналар мен 1- сыныпқа  келген балалар үшін қуанышты күн.  Әсіресе 1-сыныпқа алғаш қадам басқан бүлдіршіндер үшін ұмытылмас күн. Олар алғаш рет мектеп есігін ашып,қолдарына алғаш әліппе мен қалам ұстап, жаңа өмір жолына қадам басқан күн. Бүгін 1-сынып оқушыларын құттықтап мектебіміздің мәжіліс залында «Алғашқы қоңырау» үні сыңғырлады. Одан әрі сыныпқа барып оқушыларды сынып бөлмесімен таныстырып, мектеп ережесі туралы айтылды. Оқушыларға жақсы көңіл- күй ретінде мұғалім тарапынан тәтті сыйлық таратылды.

Достармен бөлісу
Астана қаласы әкімдігінің “№29 жалпы орта білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі