«Экологиялық күн» — Астана қаласы әкімдігінің «№ 29 орта мектеп» КММ

«Экологиялық күн»

Жаналықтар

Мектепішілік «Шаттық» лагерінің балалары «Экологиялық күн» аясында «Жетісу» саябағына барып, таза ауада ойын ойнап, тамақ ішіп, демалып келді. Табиғат аясында өзін дұрыс ұстау ережелері туралы кыскаша ақпарат алды. Құстардың жемсауыттарына жем салып, құстарға қамқорлық көрсетті. Тәрбиешілер: Сержанова У.У. мен Орманова Ф.А. «Жетісу» саябағының тарихы туралы мәліметтер берді. Мұнда ұлы саяси қайраткерлер, хандар, қолбасшылар, ғалымдар мен ақындардың нақты бойымен жасалған мүсіндері қойылған. Сонымен қатар, бұл жерде ежелгі сарбаздардың 18 қола мүсіні қойылған. Барлық композициялар құс ұшу биіктігінен Тамғалыдағы «Күн адамының» жартастағы бейнесіне келтірілген.

Достармен бөлісу
Астана қаласы әкімдігінің