Наурыз мейрамы қарсаңында өткен «Тұсау кесу» салт-дәстүріне талдау — Астана қаласы әкімдігінің «№ 29 орта мектеп» КММ

Наурыз мейрамы қарсаңында өткен «Тұсау кесу» салт-дәстүріне талдау

Наурыз мейрамы қарсаңында өткен «Тұсау кесу» салт-дәстүріне талдау

17.03.2025 жылы Астана қаласы №29 орта мектебінің 10а,б,в-сынып оқушылары бірлесіп «Тұсау кесу» дәстүрін өткізді.
Наурыз – ежелгі дәстүрлерімізді жаңғыртып, ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттайтын мейрам. Бұл іс-шараның мақсаты – қазақ халқының бай мәдени мұрасын танып-білу, салт-дәстүрлердің маңызын түсіну және оны насихаттау. Қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлерінің бірі – тұсау кесу. Бұл рәсім бала алғаш қадам басқан кезде жасалады және оның болашағы жарқын, жолы ашық болсын деген тілекпен атқарылады.

10-сынып оқушылары «Тұсау кесу» дәстүрін зерттеп, оның мәнін түсінді. Сынып ішінде арнайы қойылым ұйымдастырылып, дәстүрдің барлық кезеңдері көрініс тапты. Шара барысында оқушылар бұл дәстүрдің қазақ халқы үшін маңызды екенін атап өтті. Олар тұсау кесу рәсімінің тек баланың алғашқы қадамына ғана емес, оның болашақ жолына бағыт беретін сенім екенін түсінді. Оқушылар дәстүрдің үш түрлі жолмен (ала жіп, майлы жіп, шөп) кесілуінің мәніне тоқталып, оның тәрбиелік маңызын талқылады.
Бұл шара оқушыларға ұлттық салт-дәстүрдің терең мағынасын түсінуге мүмкіндік берді. Олар ата-баба дәстүрін ұмытпай, келешекте де ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің маңызын ұқты. Оқушылар бұл дәстүрдің бүгінгі таңда да өзектілігін сақтап келе жатқанын атап өтті.
https://www.instagram.com/reel/DHXf_xYCJWj/?igsh=cXA4bng3ZjhkbzFm
Сынып жетекшісі: Джумабаева А.Т.

Достармен бөлісу
Астана қаласы әкімдігінің