Наурызнама онкүндігі — Астана қаласы әкімдігінің «№ 29 орта мектеп» КММ

Наурызнама онкүндігі

Наурызнама онкүндігі
18.03.2025ж. мектебімізде наурызнама онкүндігі қарсаңында өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен «Ұлттық ойындардан» эстафеталық жарыстар ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, Ұлттық ойындарды қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру.

Наурыз мейрамы — қазақ халқының ең ұлық мерекелерінің бірі. Бұл мереке тек табиғаттың жаңаруын ғана емес, халықтың бір-біріне деген ықыласын, дәстүрін, мәдениетін де көрсетеді. Наурыз мейрамында ұлттық ойындар ерекше орын алады, өйткені олар халықтың рухани байлығын, өмір салтын және күш-қуатын бейнелейді. 8 сыныптар арасында арқан тарту, қол күрес, бес асық ойындары ұйымдастырылды.

Соңында жеңімпаз сыныптар дипломмен марапатталды. I- орынды 8«Б» оқушылары, II-орынды 8«В» сынып оқушылары иеленіп, дипломмен марапатталды. Балалар жақсы көңіл- күймен іс-шара аяқталды.


https://www.instagram.com/reel/DHX-EplM-Dt/?igsh=MTJ3YnRtamwxNDd2dg

 

Достармен бөлісу
Астана қаласы әкімдігінің