Мектеп Парламенті оқушыларының ұйымдастыруымен өткен 1- наурыз-
«Алғыс айту күні»
01.03.2025 күні Астана қаласы №29 орта мектебінің мектеп парламенті мүшелері барша Қазақ еліне өз алғыстарын білдірді. 1-наурыз- «Алғыс айту күніне» орай қала бойынша іс-шара ұйымдастырылған.
Іс-шараның мақсаты: Алғыс айту күніне орай адамдардың бір- біріне ризашылық білдіруіне ықпал ету, қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайту, еліміздің бірлігін нығайту, ынтымақтастықты арттыру және халықтың бір-біріне алғыс білдіру дәстүрін дәріптеу.
Мектебімізде алғыс айту күні ұстаздар, оқушылар бір-біріне өздерінің алғыстарын білдірді, мұғалімдерден сұхбат алынды. Оқушылар арасында «Шапағатпен толтырайық» жүрекшесіне, жылы лебіздер, тілектер жазылды.
Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері барлық оқушыларға, ұстаздарға, мектеп аспаздарына, күзетшілерге тәтті кәмпиттер таратылып, оқушылар алғысын білдірді. Алғыс айту күніне арналған іс-шара жоспарланған мақсаттарға толық жетті. Іс- шараға үлес қосқан барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз.
https://www.instagram.com/reel/DGndX8Asa6g/?igsh=cXFrNjY0dGwxcHhn