“Көңілді жаттығулар” — Астана қаласы әкімдігінің «№ 29 орта мектеп» КММ

“Көңілді жаттығулар”

Жаналықтар

Жаздың жайдары таңын біз сергек көңілмен қарсы алып, спортзал төрінде спорт күніне арналған шарамызды бастадық. Күннің алғашқы белсенді сәттері көңілді жаттығулармен басталып, қатысушылардың бойына көтеріңкі көңіл-күй мен сергектік сыйлады.

 

Шара барысында спорттық жаттығулар мен ойындар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілді. Бұл балалардың тек дене дайындығын ғана емес, тілдік білімдерін де дамытуға мүмкіндік берді. Көптілді тапсырмалар арқылы қатысушылар тыңдауды, түсінуді және шапшаң қимылдауды қатар алып жүрді.

Спортзал ішіндегі эстафеталар мен қызықты жарыстар ұйымшылдықты, достықты және әділ бәсекені көрсетті. Балалар бір-біріне қолдау көрсетіп, әр тапсырманы ынтамен орындады.

 

Бүгінгі күн — спорттың, тілдің және бірліктің мерекесіне айналды. Мұндай шаралар салауатты өмір салтын қалыптастырып қана қоймай, көптілділік пен жан-жақты дамуға жол ашады.

Достармен бөлісу
Астана қаласы әкімдігінің