”Көңілді жазғы білім сайысы“ — Астана қаласы әкімдігінің “№29 жалпы орта білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі

”Көңілді жазғы білім сайысы“

Жаналықтар

Көңілді жазғы білім сайысы

Жазғы лагерьде ерекше бір күн басталды. Балалар шеңберге жиналып, қызықты ойынға қатысты. Алғашқы тапсырма – артық сөзді табу. Мұнда жаз, көл, шомылу, шана деген сөздер берілді. Балалар ойланбастан, “шана” сөзін артық деп тапты, өйткені ол қыс мезгіліне тән. Бұл жауапқа бәрі бірдей: “Иә!” – деп, шапалақ ұрды.

Келесі сұрақтар да көңілді әрі тапқырлықты талап етті. Мысалы:
– Жазда мен күрте киемін – дегенде, балалар: “Жоқ!” – деп жауап беріп, “Топ-топ!” деп аяқтарымен белгі беріп, ойын шартын орындады.

Сұрақтар жаз мезгіліне сай құрастырылды. Әр дұрыс жауап үшін ұпай берілді, ал ең көп ұпай жинаған қатысушы ЖЕҢІМПАЗ атанды.

Сайыс соңында оқушылар бір-біріне қошемет көрсетіп, шапалақ ұрды, көңілді әрі пайдалы уақыт өткізді.

Достармен бөлісу
Астана қаласы әкімдігінің “№29 жалпы орта білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі