“Кәсіби бағдар” — Астана қаласы әкімдігінің “№29 жалпы орта білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 “Кәсіби бағдар”

Жаналықтар

2025 жылдың 14 қазан күні Астана қаласы №29 орта мектептің 11« А», 11«Б», 11«В» сынып оқушылары  «Конгресс-центр» орталығында «Қазан — тәуелсіздік және отаншылдық айы» қарсаңында “ Кәсіби бағдар” күніне орай, “Еңбегі адал — жас өрен” жобасы аясында өз ісінің шеберлері, түрлі сала мамандарымен сұқбаттасып, кәсіби бағдар бойынша кездесуге қатысты.  Бұл-оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесетін, олардың қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес бағыт-бағдар беретін жүйелі жұмыс. Бұл үдеріс мектеп кезеңінен бастап жүзеге асырылады және оқушылардың өз мүмкіндіктерін, еңбек нарығының сұранысын ескере отырып, дұрыс таңдау жасауына жағдай жасайды.

  Кәсіби бағдар жұмысының мақсаты:                                                                   

1.Оқушыларға әртүрлі мамандықтар туралы мәлімет беру;

2.Өз қабілеттері мен қызығушылықтарын тануға көмектесу;

3.Еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру;

4.Жоғары оқу орындары мен колледждер туралы ақпарат беру;

Дұрыс мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру.

 

Қорытынды:11-сынып оқушыларымен жүргізілген кәсіби бағдар жұмыстарының нәтижесінде оқушылар өз болашақ мамандығын таңдау туралы мағлұмат алып, еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптермен танысты. Әр түрлі мамандықтардың ерекшеліктері, талаптары және болашағы жайлы ақпарат беру арқылы оқушылардың кәсіби бағыт-бағдарын нақтылауға жағдай жасалды.Оқушылардың көпшілігі өз қызығушылықтары мен бейімділіктеріне сәйкес келетін мамандықтар жайлы ой түйіп, болашақта қай салада білім алатындарын анықтай алды. Сонымен қатар, ЖОО мен колледж өкілдерімен кездесу, кәсіп иелерімен сұхбат және танымдық экскурсиялар өткізу арқылы нақты еңбек жағдайларын көзбен көру мүмкіндігі туды.

Жалпы, кәсіби бағдар жұмыстары оқушылардың саналы түрде таңдау жасауына, өз-өзіне сенімді болуына және болашақ мамандығына жауапкершілікпен қарауына үлкен септігін тигізді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табуы қажет.

#Адал_Азамат#біртұтас#тәрбие#

#Еңбегі адал_жас өрен#

Сынып жетекшілері:   Джумабаева А.Т;  Нурпейсова Ғ.А;  Акмаганбетова Р.М.

 

      

Достармен бөлісу
Астана қаласы әкімдігінің “№29 жалпы орта білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі