«Ұстазға алғыс» атты ұстаздар мерекесіне арналған апталық аясында «Жас маман – болашақтың кепілі» тақырыбында жас ұстаздар мен ардагер ұстаздар арасында әңгіме алаңы ұйымдастырылды.
Кездесу барысында тәжірибелі ұстаздар өздерінің педагогикалық тәжірибелерімен бөлісіп, жас мамандарға кәсіби кеңестер ұсынды. Жас ұстаздар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, құнды ұсыныстар алды.
Кездезу соңында қатысушылар «Тілек ромашкаларын» толтырып, жас педагогтар буынына арналған ақжарма лебіздерін жазды.