Жазғы лагерь 2025 — Астана қаласы әкімдігінің «№ 29 орта мектеп» КММ

Жазғы лагерь 2025

Дидарлы жаздың шуақты күнінде балалар ерекше көңіл күймен жиналды. Табандар ізімен бұрылыс жасап, шапшаңдық пен ептіліктерін көрсетті. Ойын барысында музыка қосулы болды, әуен ырғағымен бәрі де сергіп, шаттыққа бөленді.

Содан кейін балалар екі топқа бөлініп, қызықты сайысқа кірісті. Әріптерден үрме таяқшалары арқылы сөз құрап, кімнің тобы көбірек сөз табатынын жарыса отырып анықтады. Әрқайсысы бір-біріне көмектесіп, тапқырлықтарын көрсетті. Бұл ойын тек көңілді ғана емес, сонымен қатар шапшаң ойлау қабілеттерін, сөздік қорын байытуға да әсер етті.
Осылайша, дидарлы жаздың бір күні шат күлкіге, достық пен бірлікке толы болып өтті.

Достармен бөлісу
Астана қаласы әкімдігінің