«Дені саудың – жаны сау»  — Астана қаласы әкімдігінің «№ 29 орта мектеп» КММ

«Дені саудың – жаны сау» 

Жаналықтар

Тәжірибеден- шеберлікке,

Еңбектен – нәтижеге.                                                                

«Дені саудың – жаны сау»                                                                               

Дәстүрдің мәйегі-Асық ату өнері

2025 жылдың 11-сәуірінде №29 орта мектепте  «­­Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшелерінің  ұйымдастыруымен «Дені саудың- жаны сау» дегендей «Дәстүрдің мәйегі-Асық ату өнері» тақырыбында асық ату, тоғыз құмалақ, бес тас,  сондай-ақ флешмоб, т.б ойындар  өткізді.

 Ойынның мақсаты:   Асық атып, нысанадағы асықты дәл көздеп ұтып алу. Әдетте ойын далада немесе тегіс алаңда ойналады.

Асық ату — қазақ халқының ертеден келе жатқан ұлттық ойыны. Бұл ойын балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға, көз өлшемін дамытуға, мергендікке, ептілікке, төзімділікке тәрбиелейді. Сонымен қатар, ойын барысында қозғалыс белсенділігі артып, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына оң әсер етеді.

Асық атудың денсаулыққа пайдасы: Көзді жаттықтырады;

Қол-аяқтың бұлшық еттерін дамытады;

Жүйке жүйесін тыныштандырады

Қорытынды:   Асық ату – тек ұлттық мұра ғана емес, сонымен қатар балалар мен жастардың денсаулығын нығайтуға бағытталған пайдалы ойын. Бұл ойын арқылы жас ұрпақтың бойында ептілік, дәлдік, төзімділік пен ұлтқа деген құрмет сезімі қалыптасады. Сондықтан «Дені саудың – жаны сау» қағидасын ұстана отырып, асық ату сияқты ұлттық ойындарды кеңінен насихаттау — маңызды міндет.  Оқушылар асық ату ойынына қызыға, белсене қатысты.

https://www.instagram.com/reel/DIdQZljteWH/?igsh=MWU4dzFheHZpcnRmcQ==

Тәлімгер:   Джумабаева А.Т.

 

Достармен бөлісу
Астана қаласы әкімдігінің