Күніміз балаларды көтеріңкі көңіл — күймен қарсы алудан басталды. «Кiтапхана әлемi» атты саяхат сабағы ұйымдастырылды. Саяхат барысында кiтапхана қызметкерлерімен, кiтаптармен танысты. Балалар кiтапхана туралы ақпарат алды. «Кiтапханашы мен оқырман» сюжетті — рөлдік ойынын ойнады. «Математика негіздері» сабағында «1» цифрымен және санымен танысты. Екi жиынның арақатынасын орнатуды пысықтады. Көркем әдебиетті тыңдауды, сұрақтар қоя бiлудi, өз ойларын дұрыс айтуға жаттықты. Сабақ қызық та, пайдалы өтті.