Астана қаласы №29 орта мектебінің «Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен өткізілген Абай Құнанбайұлының -180 жылдығына
арналған мәнерлеп оқу сайысының қорытындысы
№29 орта мектеп «Өзін-өзі басқару» ұйымының ұйымдастыруымен 21.02.2025 жылы бастауыш 2-4 – сынып оқушылары арасында «Абай Құнанбайұлының — 180 жылдығына» арналған мәнерлеп оқу сайысы өтті. Іс-шараның мақсаты мен міндеттері:
- Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау және бастауыш сынып оқушыларының рухани — адамгершілік тәрбиесін нығайту.
- Оқушылардың мәнерлеп оқу шеберлігін дамыту және олардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Сайысқа бастауыш 2-4- сыныптың оқушылары қатысты. Оқушылар алдын-ала дайындалып, шығармаларды жаттап, мәнерлеп оқуға ерекше ықыласпен кірісті. 2-3 сынып оқушылары Абай Құнанбайұлының өлеңдерін мәнерлеп оқыды, ал 4 сынып оқушылары Абайдың қара сөздерінен үзінді оқыды.
Сайыс нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, дипломмен марапатталды.
I-орын: 3«А» сынып. Хамзина Айлана; Қайрбеков Рауан
II-орын: 3«Ә» сынып. Султанхан Абылай; Садвакасов Мирас
III-орын: 2«А» сынып. Бекмұхан Алинур; Ержан Алихан
Абайдың қара сөздері:
I-орын: 4«Б» сынып. Кешубай Ақерке, Қазысейіт Кәусар
II-орын: 4«А» сынып. Шаған Есіл
Оқушылардың Абай шығармашылығына деген қызығушылығын арттырып, олардың көркем сөйлеу қабілетін дамытты.
https://www.instagram.com/reel/DGYbTqyNS06/?igsh=YWN2ejA0NGdjZmVl
Тәлімгер: Джумабаева А.Т.