Сынып сағатының тақырыбы:
«Адал азамат»
Қауіпсіздік сабағының тақырыбы:
«Зорлық-зомбылықтан қорғану: қорғау әдістері мен көмекке жүгіну ережелері»
Мақсаты:
Оқушыларға «Адал азамат» ұғымының мәнін түсіндіру, оларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке, шыншылдыққа, ізгілік пен жауапкершілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, зорлық-зомбылықтан қорғану және көмек сұрау жолдарын түсіндіру, өз құқықтарын қорғауға баулу.
Өткізілген әдіс-тәсілдер:
Сынып сағаты барысында мұғалім оқушылармен жылы амандасып, назарларын сабаққа аударды. ҚР Мемлекеттік Гимні орындалып, оқушылар топтарға бөлінді. Сабақта сұрақ-жауап, талқылау, ой қозғау, мақал-мәтел талдау және эссе жазу әдістері қолданылды. Топтық жұмыс барысында оқушылар «Адал адам – қоғам тірегі», «Адал еңбек – табыстың кілті», «Адал қоғам – әділ мемлекет» тақырыптарында постерлер мен кодекстер дайындады. Қауіпсіздік сабағында оқушылар зорлық-зомбылық түрлерімен, олардың белгілерімен және қорғану жолдарымен танысты. Мұғалім көмек сұраудың маңызын түсіндіріп, рөлдік ойындар арқылы көмекке жүгіну тәсілдерін көрсетті.


Жеткен нәтиже:
Сабақ соңында оқушылар адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарының маңызын түсінді. Олар адал еңбектің қоғам үшін қажеттілігін ұғынды және өз өмірінде осы қасиеттерді ұстануға талпынды. Қауіпсіздік сабағы барысында оқушылар зорлық-зомбылықтың түрлерін, қорғану және көмекке жүгіну жолдарын меңгерді. Балалардың өмірлік дағдылары, жауапкершілігі мен азаматтық көзқарасы қалыптасты.
Қорытынды:
Сынып сағаты мен қауіпсіздік сабағы өз мақсатына толық жетті. Оқушылар адал болудың, әділ өмір сүрудің және өз құқығын қорғай білудің маңызын түсінді. Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, өмірлік тәжірибеге негізделген ойларымен бөлісті. Сабақ тәрбиелік және танымдық тұрғыда жоғары деңгейде өтті.
Сынып жетекшісі: Джумабаева А. Т.
